COVID-19. Шымкент «сары» аймаққа өтті

6 Мамыр 2021, 10:51
964
Бөлісу:
COVID-19. Шымкент «сары» аймаққа өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 6 мамырда Қазақстандағы эпидахуалды бағалау матрицасы жария етілді, деп хабарлады COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Матрицадағы ақпаратқа сәйкес, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы  қалалары, Ақмола, Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Павлодар облыстары тұр.

Сондай-ақ «сары» аймаққа: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары кірді. 

Ал «жасыл» аймақта: Түркістан, Қостанай, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары бар. 

COVID-19. Шымкент «сары» аймаққа өтті

Өзгелердің жаңалығы