Бас жаңалықтар
COVID-19: Шілде-тамыз айлары Алматы үшін өте ауыр өтті – қала басшысының орынбасары
07 Қазан 2021, 13:55 4575

COVID-19: Шілде-тамыз айлары Алматы үшін өте ауыр өтті – қала басшысының орынбасары

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында қала басшысының орынбасары Ержан Бабақұмаров хабарлады. Оның айтуынша, жыл басынан бері 152 298 алматылық індет жұқтырған.

Оның ішінде осы жылдың 19 шілдесінен бастап 6 қазанға дейін 85 000 жағдай тіркелген. Ал жалпы қалада инфекция деңгейі шамамен 74%-ға төмендеген.

2020 жылдың жазында және 2021 жылдың басында біз «ухань» штамына байланысты екі толқыннан өттік. 2021 жылдың көктемінде «альфа» штамы салдарынан екінші толқын орын алды. 19 шілдеде «дельта» штамынан туындаған инфекцияның ең ауыр толқыны басталды. Бүгін біз осы толқыннан шықтық, - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары.

29 шілде мен 25 тамыз аралығында Алматыда індет аса қатты өршіген көрінеді. Ал 26 тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін вирус жұқтыру азайған. 7 қазандағы жағдай бойынша инфекцияның төмендеуі жалғасуда, яғни 1600-дан 423-ке дейін төмендеді.

Салыстырмалы талдау мынаны көрсетеді. Егер бірінші толқын кезінде Алматыда тәулігіне жұқтырғандар саны 250 болса, екінші және үшінші толқын кезінде – шамамен 400 және 700-ді құрады. «Дельта» штамында тәулігіне жұқтыру деңгейі 1600 және одан да көп болды, - деп хабарлады мегаполис әкімінің орынбасары.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда 118 мыңнан астам қарт коронавирусқа қарсы екпе алғаны туралы жазған болатынбыз.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...