COVID-19: Қазақстанның емдеу хаттамасының Ресейдікінен айырмашылығы қандай?

13 Шілде 2020, 17:22
2084
Бөлісу:
COVID-19: Қазақстанның емдеу хаттамасының Ресейдікінен айырмашылығы қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Алматы қаласының бас штаттан тыс пульмонологі Сәуле Қасенова бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Короновирустық инфекциямен өкпенің зақымдануын амбулаториялық емдеу" тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг барысында айтты.

Біз қазір күн сайын коронавирусқа қатысы бар жаңа дүние біліп жатырмыз. Қазақстандық клиникалық хаттаманың өзгеруі осыған байланысты. Бүгінде оныншы хаттамамен ем-дом жасалып жатыр. Жақын күндері клиникалық хаттаманың 11-нұсқасы шығады. Біздің хаттаманың өзіндік ерекшелігі болғанымен де оны ресейлік хаттамадан түбегейлі өзгеше демес едім. Жалпы, екі елдің хаттамалары тұтас бірдей болуы мүмкін емес. Себебі, ауру белгілері екі жақта екі түрлі байқалуы мүмкін және дәрілік терапия бағытындағы клиникалық хаттаманы жасарда комиссия ресейлік хаттамаға ғана емес, сонымен қатар, өзге де шет мемлекеттердің нұсқаулықтарын назарға алады. Бар ақпарат сарапталып, өңделіп, біздің елге сай жасалады. Жалпы, қазақстандық коронавирусты емдеу хаттамасының халықаралық нұсқаулықтан айырмашылығы жоқ, - деді дәрігер.

Дәрігер бұған дейін реабилитация кезінде қымыз, шұбат ішуге кеңес берген болатын.

Өзгелердің жаңалығы