COVID-19: ПТР-сынаманы кімдер тегін тапсыра алады?

14 Қаңтар 2022, 17:01
2264
Бөлісу:
COVID-19: ПТР-сынаманы кімдер тегін тапсыра алады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы күндері елімізде коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуі байқалып отыр. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Нұр-Сұлтан қаласы филиалының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, ПТР-сынаманы барлық адам тегін тапсыра алады.

Алайда кейбір жағдайда ғана ол мүмкін емес.  

Егер суықтың, тұмаудың немесе пневмонияның белгілерін сезсеңіз, онда ПТР әдісімен коронавирусқа тест тапсыра аласыз. Мұны емхананың сүзгі-кабинетіне жүгіну арқылы жасауға болады. Сондай-ақ басқаларға жұқтыру қаупін төндірмеу үшін  емхананың тіркеу бөліміне немесе анықтама бөліміне қоңырау шалып, үйге мобильді топ шақыруға болады. Бұл жағдайда зерттеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ақысыз жүргізіледі. Өйткені бұл айналадағылар үшін қауіп төндіретін инфекциялық ауру. Ол үшін сақтандырылған болу міндетті емес. 

Одан бөлек, ПТР-тестілеу коронавирус анықталған пациентпен байланыста болған адамдарға жүргізіледі. Оны сүзгі кабинеті арқылы байланысуға немесе мобильді топты үйге шақыруға арқылы жүзеге асыруға болады.

Шетелге шығуға мүмкіндік алу үшін ПТР азаматтың  өз есебінен төленеді. Сондай-ақ, егер теріс ПТР бар сертификат қандай да бір ұйымға немесе жұмыс орнына бару үшін талап етілсе, онда тестілеу өз қаражаты есебінен немесе жұмыс берушілердің келісімі бойынша төленеді.

ПТР-тест тегін жүргізілетін жағдайлар:

• медициналық көрсеткіштер бойынша фильтр кабинетіне жүгінген кезде ЖРВИ және вирустық пневмония белгілері болған кезде;
• коронавирустық инфекцияға күдікті науқас үшін мобильді топты үйге шақырған кезде; 
• жедел тест нәтижесі оң болған жағдайда стационарға шұғыл емдеуге жатқызу кезінде;
• жоспарлы емдеуге жатқызуға немесе ауруханаға дейінгі тексеруге жіберу кезінде;
• жүкті әйелдерге 37 аптадан бастап босануға емдеуге жатқызу үшін;
• гемодиализдегі пациенттерге тегін жасалады.

Өзгелердің жаңалығы