Бас жаңалықтар
COVID-19:  Павлодар облысында қосымша шектеу шаралары қолға алынды
31 Наурыз 2020, 16:05 249

COVID-19: Павлодар облысында қосымша шектеу шаралары қолға алынды

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде осы жылдың бірінші сәуірінен бастап, Ертіс өңірінде қосымша қауіпсіздік шаралары жүзеге асырыла бастайды. Бұл шешім облыстың бас санитары орынбасарының бұйрығы бойынша қабылданды. 

Облыс әкімінің орынбасары Асхат Ораловтың хабарлауынша,  шараларды қолға алу мәселелері кеше кешкісін облыстағы төтенше жағдайлар жөніндегі штабтың отырысы барысында талқыланды. Нәтижесінде өңір аумағында санитарлық, эпидемиологиялық шаралар күшейтілетін болды. 
Бүгін сағат 00-00-ден бастап тиісті шаралар қолға алынады. Облыс аумағындағы шекаралас жерлерде 9 блокпост орнатылады. Көліктерге шекаралас аймақтардан жолаушы тасымалдауға уақытша тыйым салынады. Тек дипломатиялық қызметтегі азаматтар, емдеуге бара жатқан және азық-түлік тасымалдайтын транзиттік көліктер ескерілмейді. Сол блокбекеттерде де эпидемиологиялық сақтық шаралары күшейтіледі, - дейді Асхат Оралов. 

Жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді. Кез келген азамат алаңдатқан сұрақтарын күні-түні жұмыс істейтін 109 қызметіне хабарласа алады. 

Айта кетерлігі, бүгінгі күнге дейін 1200 адам ерекше медициналық бақылауға алынса, 628 азаматтан карантин шешілді. 
13-ші наурыздан бастап, қоғамдық көліктерде дезинфекциялық шаралар күшейтілді.  Азаматтарға түнгі 22:00-ден кейін далаға шықпауға кеңес беріледі. Барлығы жұртшылықтың қауіпсіздігі үшін жасалған шаралар, - дейді Асхат Оралов.

Сала мамандарының айтуынша, шектеу шаралары аясында дүкендер мен өзге орындарда кезекте 5 адамнан артық жиналуға болмайды. Әрі аралықтары бір метрден кем болмауы тиіс. 

Еске салсақ, бұған дейін инфекция жұқтырудың бірінші дерегі анықталған. 32 жастағы павлодарлық ауруға шалдыққан Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынымен байланыста болғаны белгілі. 

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...