COVID-19. Қызылорда облысында соңғы жұқтырған 8 науқас туралы

6 Сәуір 2020, 22:48
1923
Бөлісу:
 COVID-19. Қызылорда облысында соңғы жұқтырған 8 науқас туралы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында бүгін соңғы тіркелген 8 науқастың барлығы Шиелі ауданынан. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы мәлімдеді.

Олар бұған дейін вирус жұқтырған адаммен тығыз қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған. Зертханалық сынамалар алынып, диагноз нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде - делінген хабарламада.

06.04.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 45 адам анықталды, Қызылорда қаласында – 6 жағдай, Жаңақорған ауданында – 16, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 19 жағдай.

Сонымен қатар, 06.04.2020 жылғы мәлімет бойынша қолайсыз елдерден барлығы 124 адам мониторингтік бақылауда. Оның ішінде 1 "а" санатындағы елдерден келгендер саны-4, 1"б" санатындағы елдерден келгендер саны-120 адам. 

Өзгелердің жаңалығы