Бас жаңалықтар
COVID-19: Мексикада қайтыс болғандар саны 100 мыңнан асты
23 Қараша 2020, 14:22 155

COVID-19: Мексикада қайтыс болғандар саны 100 мыңнан асты

Мексикада COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 100 мыңнан асты. 125 миллион халқы бар мемлекет үшін бұл деңгей (9,8%) әлемдегі ең жоғарғылардың бірі болып саналады. Миллионнан астам адам қауіпті вирусты жұқтырған. 

Сонымен қатар, ел билігі індетті жұқтырғандардың нақты саны ресми статистикадан әлдеқайда жоғары болуы мүмкін екенін мойындап отыр. 

Індеттің таралуының күрт өсуіне уақытылы шектеу шараларынің енгізілмеуі мен биліктің де, халықтың да жауапсыздығы себеп болуы мүмкін. Мысалы, наурыз айында жергілікті телеарналарда коронавирустың таралуы төтенше жағдай емес деп айтылған жарнамалар көрсетілген, ал ел басшысы Андрес Мануэль Лопес Обрадор тұмар тағу мен дұға оқу коронавирус инфекциясынан қорғай алады деп мәлімдеген болатын.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...