COVID-19. Ұлыбритания мен Францияда рекордтық өсім байқалды

25 Қыркүйек 2020, 13:21
997
Бөлісу:
COVID-19. Ұлыбритания мен Францияда рекордтық өсім байқалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маусымның аяғынан тамыздың басына дейінгі кезеңде Ұлыбританияда CОVID-19 инфекциясы күніне бір мыңнан төмен вирус жұқтыру жағдайына дейін түсті де, кейін төмен қайтадан өсе бастады.

Ұлыбритания мен Францияда соңғы тәулікте коронавирустық инфекция жұқтырған науқастардың тәуліктік өсімі бойынша рекордтық деңгей тіркелді. Бұл туралы 24 қыркүйекте Daily Mail басылымы Ұлыбританияның Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры Ивонн Дойлдың мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

Оның айтуынша, бейсенбіде Ұлыбританияда коронавирустық инфекцияның 6,6 мыңнан астам жаңа жағдайы расталған. Бұл елде індет басталғалы бергі рекордтық көрсеткіш болып отыр.

Жалпы, Ұлыбританияда 416 мыңнан астам жағдай тіркелген. Дойлдың айтуынша, соңғы аптада жаңа жағдайлардың күнделікті өсімі екі есе өсті: Өткен бейсенбіде елде 3395 тұрғыннан коронавирус анықталған.

Сонымен қатар, 24 сағат ішінде COVID-19-дан 40 адам қайтыс болды. Дойл аурудың барлық жас тобында өсіп келе жатқанын, ауруханаға жатқызу саны да артқанын атап өтті.

Біз вирустың таралуын болдырмауға көмектесетін жаңа шараларды ұстануымыз керек, - деді Дойл.

Ол британиялықтарға вирус жұқтырған адамдардың байланыстарын бақылайтын жаңа мобильді қосымшаны орнатуды ұсынды.

Сондай-ақ, Францияда инфекция жұқтырғандардың күнделікті өсімі бойынша жаңа рекорд тіркелді. Figaro баслымының ақпаратына сүйенсек, 24 сағат ішінде елде 16 096 адамның індет жұқтырғаны анықталды. Пандемия басталғалы бері елде 500 мыңға жуық адам коронавирустың шырмауына ілінген.

Айта кетейік, біздің елде өткен тәулікте 61 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.

Өзгелердің жаңалығы