COVID-19. Әлем бойынша індет жұқтырғандар саны 37 млн-нан асты

11 Қазан 2020, 12:04
1169
Бөлісу:
COVID-19. Әлем бойынша індет жұқтырғандар саны 37 млн-нан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын  жұқтырудың 383 359 жаңа жағдайы туралы ақпарат алды, осы кезеңде 8 575 жұқтырған адам қайтыс болды, деп хабарлайды ұйымның сайты.

Бұл пандемия басталғаннан бергі ең жоғары көрсеткіш. Алдыңғы рекорд бір күн бұрын орнатылды-күніне 350 766 жағдай.

Сонымен қатар, америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде COVID-19 жағдайларының жалпы саны 37 миллионнан асты, 1,07 миллионнан астам адам қайтыс болды. Инфекцияның анықталған жағдайларының саны бойынша АҚШ көшбасшы болып қала береді - 7,7 млн,  Үндістан (6,9 млн) және Бразилия (5 млн) да көш бастап тұр.

Өзгелердің жаңалығы