COVID-19: Латвияда төтенше жағдай жарияланды

8 Қазан 2021, 09:15
16207
Бөлісу:
COVID-19: Латвияда төтенше жағдай жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Латвияда COVID-19 салдарынан денсаулық сақтау саласында төтенше жағдай жарияланды. 

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Коронавирус ауруының өсуіне байланысты Латвия науқастарды емдеу және далалық аурухананы орналастыру үшін халықаралық көмек сұрауы мүмкін, деп хабарлады республиканың денсаулық сақтау министрі.

Лаоста COVID-19 ауруы бар адамдарға өзін-өзі оқшаулауды сақтай отырып, үйде емделуге рұқсат беруге ниетті. Себебі ауруханалар тез толтырылып, медициналық қызметкерлер жұмысын тоқтатты. Өзін-өзі оқшаулау режимі вирус жұқтырған адаммен тығыз байланыста болған адамдарға да ұсынылады.

Вьетнам жақын арада жалпыұлттық вакцинация аясында «Спутник V» препаратын қолдана бастайды. Сонымен қатар Біріккен Араб Әмірліктері вакцинация және ревакцинация үшін «Спутник Лайт» қолдануды мақұлдады.


Өзгелердің жаңалығы