Бас жаңалықтар
COVID-19. Қызылорда «жасыл» аймаққа ауысты
10 Мамыр 2021, 10:10 710

COVID-19. Қызылорда «жасыл» аймаққа ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 10 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары.

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.




Фото: дереккөз
Загрузка...