Бас жаңалықтар
COVID-19. «Қызылда» 7, «сары»  аймақта 3 өңір
23 Қаңтар 2021, 12:00 257

COVID-19. «Қызылда» 7, «сары» аймақта 3 өңір

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эпидемиологиялық ахуал бойынша елдің алты облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймақта, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

23 қаңтардағы жағдай бойынша:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Қарағанды және Алматы облыстары.

Елдің өзге облыстары мен қалалары «жасыл»  аймақта.



Фото: дереккөз
Загрузка...