COVID-19: Қанша қазақстандық індеттен емделіп жатыр?

19 Қазан 2021, 11:03
18295
Бөлісу:
COVID-19: Қанша қазақстандық індеттен емделіп жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, соңғы бір ай ішінде тәуліктік аурущаңдық деңгейі 2,1 есеге қысқарған.

Ал ауыр және аса ауыр жағдайлар 1,6 есеге азайды. Стационарлық ем қабылдап жатқандар саны 1,4 есеге төмендеді. Нақтылап айтатын болсақ, 18 қыркүйектегі жағдай бойынша 13 мыңнан 18 қазан күні 9,1 мың адамға кеміді. Амбулаториялық емдеудегі науқастар саны 1,3 есеге, яғни 57 мыңнан 43 мың науқасқа дейін түсті, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.
Сондай-ақ соңғы екі аптада елімізде коронавирус жұқтыру деңгейі біршама төмендеген. Айта кететін жайт, жалпы Қазақстанда соңғы екі ай ішінде ауру жұқтыру 3,8 есеге, ал өлім-жітім 3,6 есеге азайған.

Еске сала кетейік, бұған дейін министр инфекциялық стационарлардың неліктен жабылып жатқанын түсіндірген болатын.

Өзгелердің жаңалығы