Бас жаңалықтар
COVID-19: Өңірлерге арналған оқыту семинары басталды
26 Қыркүйек 2020, 23:50 129

COVID-19: Өңірлерге арналған оқыту семинары басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі өңірлерге арналған оқыту семинар-тренинг ұйымдастырды.

Бүгін бірінші тренинг Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинияттың қатысуымен өтті. Алматы қаласы денсаулық сақтау жүйесінің өкілдері «Коронавирус инфекциясының алдын алу және індетке қарсы күрес бойынша медициналық көмекті жетілдіру» тақырыбындағы өз тәжірибесімен бөлісті.

Бүгінде Қазақстанда COVID-19 жұқтырған 107 650 науқас тірелді, 1 719 науқас қайтыс болды. Соңғы күні 69 адам індет жұқтырды, төртеуі қайтыс болды. Ауру қарқыны төмендегеніне қарамастан, әлемдегі жағдай әлі шиеленісіп отыр. Сондықтан біз COVID-19 екінші толқынына дайын болуымыз керек. Төсек-орын әзірледік, дәрі-дәрмек, жабдық, оттегі концентраторы мен ӨЖЖ аппараттары сатып алынды, - деді Ажар Ғиният.

Өз кезегінде Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров Алматыда COVID-19 шалдыққан пациенттер мен сырқаттанғандарды басқару моделін таныстырды. Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың алдын алу, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және іске асыру туралы айтты.

Семинарда Жедел медициналық көмек қызметі директорының м.а. Біржан Оспанов, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы Жоғары медициналық колледжінің директоры Светлана Сұлтанғазиева, Қоғамдық денсаулық басқармасы «Жас Қанат» МСАК орталығының қалалық емханасының бас дәрігері Әйгерім Аяғанова, №3 қалалық емхананың бас дәрігері Қырмызы Игисинова, Анестезиология және реаниматология орталығының басшысы Тілеуберді Қуандықов, мобильді көшпелі бригаданың басшысы Тамара Утағанова және басқа да бірқатар маман баяндама жасады. Олар қаладағы жағдай мен пандемиядағы медициналық ұйымдардың жұмысы және күзгі-қысқы кезеңде өткізілетін дайындық жұмыстары туралы сөз қозғады.

Келесі аптада денсаулық сақтау жүйесінің өкілдері өңірлерде амбулаториялық-емханалық көмекті ұйымдастыру бойынша бір-бірімен тәжірибе бөлісуге ниетті. Содан кейін ауылдық медициналық ұйымдар үшін семинар өткізу жоспарлануда.


Фото: дереккөз
Загрузка...