COVID-19 індеті 7 есе өсті: Елордада қандай шаралар қабылданып жатыр
15 Қаңтар, 14:22 454

COVID-19 індеті 7 есе өсті: Елордада қандай шаралар қабылданып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында елордада эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру бойынша қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы айтты, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, Денсаулық сақтау басқармасы, сол сияқты емханалар мен инфекциялық стационарлар басшыларының қатысуымен эпидемиологиялық ахуал мәселелері бойынша қалалық штабтың отырысы өтті. Соңғы күндері коронавирус инфекциясының күрт өскенін көріп отырмыз. Бір тәулік ішінде COVID-19 инфекциясын тіркеу 7 есеге артты, нәтижесінде науқастар саны 800-ден 5,5 мыңға дейін өсті, - деп жазды әкім.

Бірінші. Мобильді бригадалар тәулік бойғы жұмыс тәртібіне көшті

14 қаңтардан бастап мобильді бригадалардың жұмысы тәулік бойғы режимге ауыстырылды! Тиісінше қосымша машиналар саны бөлінеді. Медицина мекемелері мен медицина қызметкерлері толығымен жұмылдырылды. Күрделі эпидемиологиялық жағдай кезіндегідей колледждер мен университеттердің студенттерін де қосымша жұмысқа тартамыз, - деді Көлгінов.

Екінші. Колл-орталықтар іске қосылды

Амбулаториялық қызметтердің жұмысын күшейттік, себебі ең үлкен күш алдымен осы емханаларға түседі. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында коронавирус мәселелері бойынша колл-орталықтар жұмыс істей бастады, - деді ол.

Үшінші. Қосымша инфекциялық стационарлар ашылды. Ал төсек-орын саны 1200-ден 1,5 мыңға дейін көбейтілді.

ПТР-зертханалардың тәуліктік қуаты 15 мыңға дейін өсті. 

Төртінші. Pfizer вакцинасын алушылар санаты кеңейтілді

Қала тұрғындарын вакцинациялау, ревакцинациялау жұмысын қатар жүргіземіз. Ревакцинация үшін QazVac, Sinopharm және Pfizer қолжетімді. Ал Pfizer екпесі жүкті және бала емізетін балаларға арналған, енді оны 60 жастан асқан адамдарға, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне қолданамыз.

Вакцинация үшін Спутник, QazVac, Pfizer (жүкті және бала емізетін аналар, балалар үшін) екпелері бар. Вакцинация пунктері медициналық мекемелерде, сондай-ақ «Абу Даби Плаза», «Керуен», «Еуразия», «Азия парк» СОО-ларында, сол сияқты «Нұрлы жол» ТЖ вокзалында орналасқан.

Шұғыл түрде вакцинациядан/ревакцинациядан өткеніңіз абзал. Өз денсаулығыңызға зиян келтірмеңіз. Коронавирус індетімен алдыңғы шепте үшінші жыл қатарынан күресіп келе жатқан дәрігерлерімізге ауыртпалық түсірмеңіз, – деп жазды елорда әкімі.

 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...