COVID-19. Індет құрбандарының саны жарты миллионнан асты

29 Маусым 2020, 10:50
1434
Бөлісу:
COVID-19. Індет құрбандарының саны жарты миллионнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус инфекциясын әлемде он миллионнан астам адам жұқтырған. Жаңа үлгідегі коронавирус құрбандарының саны 504 мыңға жетті. Бұл туралы Worldometers.info хабарлады.

Бір тәулік ішінде әлемдегі өлім-жітім оқиғаларының өсімі үш мыңға жуық адамды құрады.

Алғашқы орында АҚШ (128,3 мың), екінші орында - Бразилия (57 мың), үшінші орында - Ұлыбритания (43,6 мың) тұр. Одан кейін Италия (34,7 мың), Франция (29,7 мың), Испания (28,3 мың) және Мексика (26,3 мың).

Украинада коронавируспен ауырғандар саны 43 мыңға жетті. Инфекциядан 1,1 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Сондай-ақ, коронавирустан бес миллионнан астам адам жазылып шықты.

Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 21327 адамды құрады. Оның ішінде 12933 адам жазылып шығып, 183 адам көз жұмды.

Өзгелердің жаңалығы