COVID-19: Елордадағы инфекциялық стационарларда қанша науқас жатыр?

3 Қыркүйек 2021, 12:50
7561
Бөлісу:
COVID-19: Елордадағы инфекциялық стационарларда қанша науқас жатыр?
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифинг барысында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова хабарлады. Оның айтуынша, елордадағы инфекциялық стационарлардың жүктемесі 41%-ды құрап отырған көрінеді.

Бүгінгі таңда 1 484 пациент инфекциялық стационарда ем қабылдап жатыр. Төсек-орын жүктемесі 41%-ға тең. Егер бұл деректерде тамыз айының басымен салыстыратын болсақ, коронавирусты емдейтін стационарлардағы пациенттердің мөлшері 2900-ға дейін жеткен болатын. Яғни екі есеге төмендеу байқалады, - деді Әлия Рүстемова.

Сондай-ақ реанимациялық бөлімшелерде жатқан науқастардың саны да азайған. Бүгінгі таңда 153 адам реанимацияда болса, олардың 33-і өкпені жасанды желдету аппаратымен тыныстап жатыр.

Жаз маусымында реанимациялық төсек-орындарда 230-дан астам пациент болған еді. Жедел жәрдемнің жүктемесі де азайды. Егер жазда жедел жәрдем станциясына жүгінгендердің саны 4 мыңға дейін жетсе, қазір 2400-ге тең. КВИ бойынша шақыртулар аз, жазбен салыстырғанда 100-120 жағдайға аз, тәулігіне 300-350 шақыртулар түседі, - деп атап өтті Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

Бұған дейін балабақшалар, мектептер мен ЖОО-да қандай жағдайда карантинге жіберілетіндігі туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы