COVID-19: Елордада көз жұмған науқас 10 күн бойы өздігінен емделген

15 Мамыр 2020, 15:32
1469
Бөлісу:
COVID-19: Елордада көз жұмған науқас 10 күн бойы өздігінен емделген
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 13 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коронавирус инфекциясынан екі адам көз жұмды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысы Сәуле Қисықова онлайн баспасөз конференция барысында айтты. 

Бірінші науқас 1958 жылғы ҚР-ның азаматшасы. Он күндей үйінде өздігінен емделген. 31 наурыз күні жағдайы ауырлағанда, жедел жәрдем арқылы жұқпалы аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылып, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жағдайынын ауырлыға байланысты 18 сәуірде республикалық қарқынды терапия орталығына ауыстырылды. Науқасқа емдеу хаттамасына сәйкес қажетті ем шаралар жүргізілген. Бірақ жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан азаматша 13 мамыр күні қайтыс болды, - деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, екінші науқастың отбасы коронавирус жұқтырған науқаспен жақын қарым-қатынаста болғандығы анықталды.

Екінші науқас 1977 жылғы Қазақстан азаматы. Жанұясында корнавирус жұқтырған туысымен жақын қарым-қатынаста болған. Осыған орай, төрт күн үй карантинінде болған. 17 сәуірде жедел жәрдем қызметі арқылы жұқпалы ауруханаға келіп түскен. Емдеу хаттамасына сәйкес ем жүргізілді. Алайда, жағдайы ауырлағандықтан 22 сәуірде жансақтау бөліміне ауыстырылды. Айта кету керек, науқас соңғы екі жылда қосымша аурулары бойынша емханада тіркеуде болған. 13 мамырда қарқынды терапияға қарамастан науқас көз жұмды, - деді Сәуле Қисықова.

Айта кеткен жөн, қазіргі уақытта елорда бойынша корнавирус инфекциясын жұқтырған 1173 адам анықталған. Оның ішінде 518 адам жазылып 14 күндік үй карантиніне шыққан. Сонымен бірге, қазіргі ауруханаларда зертханалық тексеру және ем қабылдау мақсатында 1423 адам жатыр. Оның ішінде 661 адам коронавирус инфекциянан емделушілер және 51 бала.

Өзгелердің жаңалығы