COVID-19: Елімізде өндірілмейтін вакциналар ақылы түрде салынады

15 Қазан 2021, 18:57
21549
Бөлісу:
COVID-19: Елімізде өндірілмейтін вакциналар ақылы түрде салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. 

Оның айтуынша, елімізде шығарылатын вакциналар кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде сатып алынатын болады.

Республикада өндірілмейтін басқа екпелер ақылы түрде салынады. Себебі біз өз вакцинамызды шығарып отырмыз. Оның клиникалық тиімділігі де дәлелденген. Басқа вакциналар тұмауға қарсы және басқа да вакциналар секілді коммерциялық айналымға енгізіледі. Қалаған адамдар оны ақылы түрде салдыра алады, - деді Денсаулық сақтау министрі.
Еске сала кетейік, бұған дейін министр неліктен Pfizer вакцинасын жеткізу мерзімі кешігіп жатқандығын түсіндірген болатын.
Өзгелердің жаңалығы