COVID-19. Елімізде 8 800 жүкті әйел жұқтырған

27 Қараша 2020, 18:01
1153
Бөлісу:
COVID-19. Елімізде 8 800 жүкті әйел жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты.

Бүгінге дейін коронавирус инфекциясы бар жүкті әйелдер арасында 8 800 жағдай тіркелді. Оның  247-і стационарда ем-дом қабылдап жатыр. Қазақстан бойынша да, тұтас әлем бойынша да коронавирустың жатыр іші инфекциясы тіркелген жоқ. Жалпы, осы бағытта жүргізіліп жатқан әлемдік зерттеу жұмыстарында да мұндай факті тіркелмеген. Бірақ, босанғаннан кейінгі бір апта ішінде анасымен байланысқа түскен 124 нәресте сырқаттанған. Оларда дерт симптомсыз өтуде. Ал, жалпы сәбидің жатыр ішінде жатып инфекция жұқтыру жағдайы тіркелмеген, - деп жауап берді Ажар Ғиният.

Айта кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұған дейін 27 қарашадағы жағдайға сәйкес республика «сары» аймақта екенін мәлімдеген болатын. Сонымен қатар, ол желтоқсан-қаңтар айларында елде карантиндік шаралардың күшейтілу мүмкіндігі жайында да айтты.

Өзгелердің жаңалығы