COVID-19. Еліміздің 6 өңірі «қызыл аймаққа» енді

19 Қаңтар 2021, 09:48
2477
Бөлісу:
COVID-19. Еліміздің 6 өңірі «қызыл аймаққа» енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында елдегі эпидемиологиялық-санитарлық ахуал туралы баяндамасында айтты.

Жылдың басынан бері орташа тәуекел аймағынан жоғары тәуекел аймағына, яғни «сары аймақтан» «қызыл аймаққа» үш аймақ ауысты. Олар Қостанай облысы, Павлодар облысы және  Нұр-Сұлтан қаласы. Екі аймақ «жасыл аймақтан» «сары аймаққа» көшті. Олар Алматы және Қарағанды облыстары. Осылайша, 19 қаңтарда «қызыл аймақта» 6 өңір тұр. Олар Ақмола облысы, Атырау облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, СҚО және Нұр-Сұлтан қаласы, - деді ол.

«Сары аймақта» 3 өңір орналасқан – БҚО, Алматы облысы және Қарағанды облысы. Ал қалған 8 өңір «жасыл аймақта» орналасқан.

Өткен жылғы қараша айынан бері елімізде КВИ-ді жұқтыруы көрсеткіші жоғарылағанын байқауға болады. Қарашада қазан айымен салыстырғанда ауру жұқтыру 4,5 пайызға көбейген. Ал желтоқсанда қарашамен салыстырғанда көрсеткіш 1,2 пайызға артқан. Орташа өсім қаңтарда сақталып тұр. Бұл халықтың мерекелерде профилактикалық шараларын сақтауын көрсетеді. Қаңтардың 19 күнінің өзінде 14 625 жағдай тіркелді, - деп тұсіндірді министр онлайн Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, ауру жұқтырудың көрсеткіші Шығыс Қазақстаннан басқа аймақтың бәрінде байқалады.

Өзгелердің жаңалығы