COVID-19. Елге шетелден келетін адамдарға қатысты шектеу шаралары өзгерді
1 Мамыр, 14:55 812

COVID-19. Елге шетелден келетін адамдарға қатысты шектеу шаралары өзгерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы еліміздің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова  29 сәуірде шыққан №21 қаулысында мәлімдеді. 

Қаулының 1-қосымша сәйкес елімізге шетелдік әуе рейстерімен келген барлық адамдар термометриядан өтіп, COVID-19-ға ПТР-сынама туралы анықтаманы көрсетуге міндетті. 

Анықтама ПТР зерттеу нәтижелерін беру кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте 72 сағаттан ерте емес уақытта алынған жағдайда жарамды болады. Балаларды алып жүретін адамдарда Анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балалардан; Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларының мүшелерінен; авиакомпаниялар экипаждарынан; құжаттамалық растау ұсынған кезде Қазақстан Республикасында ревакцинация немесе егер екінші компонентті алғаннан кейін алты айдан аспайтын уақыт өткен болса, COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған адамдардан; Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылған  COVID-19-ға қарсы вакцинациялау туралы паспортты/сертификатты/анықтаманы ұсынған адамдардан Анықтама ұсыну талап етілмейді, - делінген құжатта. 

Сондай-ақ бірқатар елдерден, соның ішінде ЕАЭО мүше мемлекеттер, Әзірбайжан, Молдова, Тәжікстан мен Өзбекстаннан келетін адамдар тиісті анықтаманы «COVID-19сыз саяхат» мобильді қосымшасын пайдалана отырып ұсына алады. Дене қызуы жоғары адамдар, Анықтаманың болуына қарамастан,  инфекциялық стационарда оқшаулауға жатады.


Фото: дереккөз
Загрузка...