COVID-19: Елге 252 жолаушы ПТР-анықтамасыз ұшып келген

2 Қаңтар 2021, 12:50
1294
Бөлісу:
COVID-19: Елге 252 жолаушы ПТР-анықтамасыз ұшып келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 31 желтоқсанда ПТР-анықтамасыз ұшып келген қазақстандықтан COVID-19 анықталды, ҚР Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

2021 жылғы 1 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Мысыр, Түркия және БАӘ 7 халықаралық әуе рейсі келді.

811 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 661 адам, анықтамасыз 150 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 472 жолаушы, анықтамамен - 363, анықтамасыз - 109;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 3 рейс, 339 жолаушы, анықтамамен - 298; анықтамасыз - 41.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 2020 жылдың 31 желтоқсанында анықтамасыз келген 252 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды, - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы