COVID-19: Дәрігер көпшілікті алаңдататын мәселе туралы айтты

14 Мамыр 2021, 16:56
1953
Бөлісу:
COVID-19: Дәрігер көпшілікті алаңдататын мәселе туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл айтты.

Маман вакцинамен қамту мәселесіне де тоқталды.

Бүгінгі күні Қазақстанда бірінші компонентпен 1 790 356 адам егілді. Ал екінші компонентпен 722 504 азамат егілді, - деді дәрігер.

Оның сөзінше, қазіргі күні аймақтарда 798 мың дозадан астам вакцина бар.

Қажеттілікті ескере отырып, егу пунктерінің саны үнемі көбейіп отырғанын да атап өткен жөн. Бүгінгі күні аймақтарда иммундау жұмыстары 1 000-нан астам вакцинация орталығында жүргізіліп жатыр, - деп брифингте түсіндірді Манар Смағұл.

Брифингте Манар Смағұл алаңдаушылық тудыратын мәселе туралы айтты.

Ең алаңдаушылық тудыратын мәселе – Sputnik V вакцинасының уақыт аралығы. Бұл аралық Ұлттық эпидемиологиялық және микробиологиялық ғылыми зерттеу орталығы директорының ресми мәліметі бойынша 45 күнді құрайды. Сонымен бірге екінші компонентті бірінші компонентті алғаннан кейін 21 күннен 90 күнге дейін алуға болады, - дейді ол.

Дәрігер атап өткендей, бірінші және екінші компоненттер арасындағы аралықтың жоғарылауы иммундық жауаптың күшіне әсер етпейтінін ескеруіміз қажет.

Өзгелердің жаңалығы