COVID-19-дан кейін. Қазақстан мен Ұлыбритания ынтымақтастық мәселелерін талқылады

21 Қазан 2020, 20:44
1485
Бөлісу:
COVID-19-дан кейін. Қазақстан мен Ұлыбритания ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері және инвестициялық мүмкіндіктер Нұр-Сұлтан мен Лондонда қатар онлайн-конференция режимінде ұйымдастырылған «Kazakhstan Global Investment Forum 2020» Қазақстан-Британ инвестициялық форумы аясында талқыланды.

Қазақстандық делегацияны форумның ашылуында құттықтау сөз сөйлеген Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді басқарды.

Форум жұмысына өңдеуші, ауыл шаруашылығы, химия, тау-кен өндіру және қаржы секторларының, сондай-ақ металлургия, баламалы энергетика, логистика және цифрлық технологиялар салаларының 500-ден астам мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік ұйымдар мен компаниялардың басшылары қатысты.

Форум барысында қатысушылар коронавирустан кейінгі кезеңде экономиканы дамыту, Қазақстанда бизнес жүргізу және инвестициялар, мемлекеттік активтерді жекешелендіру мәселелерінің кең ауқымын талқылады. Сонымен қатар, мамандандырылған параллель сессиялар барысында қатысушылар қаржылық қызметтерді дамыту, майнинг, цифрландыру және Қазақстанның технологиялық секторы тақырыптарын қозғады.

Сонымен қатар, «Қазақстан короновирустан кейінгі әлемде» сессиясында Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасары Алмас Айдаров Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында инвестициялық саясатты іске асыру бойынша қосымша шаралар мен басымдықтарды нақты белгілегенін атап өтті. Атап айтқанда, ол жаңа құралды - стратегиялық инвестициялық келісімшартты енгізу туралы жариялады.

Біріккен Корольдік біздің стратегиялық серіктесіміз. Стратегиялық ынтымақтастық туралы жаңа келісім өзара тиімді қатынастарды одан әрі дамыту үшін негіз болады. Шын мәнінде, 2020 жылдың бірінші жартысының нәтижелері бойынша Ұлыбритания Қазақстан экономикасындағы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 461 млн АҚШ долларын құрайтын 5-ші ірі инвесторға айналды. Біздің басты мақсатымыз - Ұлыбританиядан жылдық инвестиция деңгейін кемінде $700-800 млн деңгейінде ұстап тұру, - деп хабарлады Алмас Айдаров.

Өз кезегінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ төрағасы Бауыржан Сартбаев бүгінде Қазақстан Халықаралық бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынып отырғанын айтты.

Бүгінгі қиын-қыстау кезеңде инвесторларға барлық қажетті қолдау көрсету біздің басымдығымыз болып табылады. Біздің табиғи артықшылықтарымыз, сондай-ақ Қазақстанда соңғы онжылдықта қалыптасқан мемлекеттік институттар мен инвестициялық климатымыз тұрақты ұзақ мерзімді нәтижені қамтамасыз етіп, дағдарыстың салдарын жұмсартады деп нық сенеміз. Қазақстанда бизнес-бастамалар мен инвестициялық мүмкіндіктерді табысты іске асыру үшін жан-жақты қолдау таба аласыз. KAZAKH INVEST табысқа жету жолында сіздің сенімді серіктес болғаныңызға қуанышты болады, - деді Бауыржан Сартбаев.

Ұлыбритания Премьер-Министрінің Қазақстан бойынша сауда өкілі Баронесса Эмма Николсон Қазақстан мен Ұлыбританияның ЖЭК, ТМК, АӨК және денсаулық сақтау салаларында бірлескен жобаларды іске асыруда үлкен мүмкіндіктері бар екенін атап өтті. Спикердің айтуынша, Ұлыбритания осы салаларда қаржыландыру мен жаңа технологияларды енгізу бойынша үлкен мүмкіндіктерге ие.

Бізді ортақ қызығушылық біріктіреді. Қазақстанда инвесторлар үшін осы мақсатқа жетуге көмектесетін көптеген мүмкіндіктер бар, ал Ұлыбританияда Қазақстанға оларды тартуға көмектесетін көптеген тәсілдер бар, - деп толықтырды Эмма Николсон.

Сондай-ақ, форум барысында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровтың энергетика, инфрақұрылым және құрылыс, ТМК және машина жасау салаларындағы ірі британдық компаниялардың басшылығымен екіжақты кездесулері өтті.

Осылайша, «Independent Power Corporation» компаниясымен келіссөздер барысында компанияның «Каспий цифрлық хабы» инвестициялық жобасын іске асыруға қатысуы туралы мәселелер талқыланды.

«ERG International Group» компаниясы Маңғыстау облысындағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі. Тәулік ішінде қуаты тәулігіне 50 мың текше метр ауыз су тұщыландыру зауытын салу жөніндегі жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Келіссөздер нәтижесінде ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен ERG International UK LTD. Арасындағы су шаруашылығы және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Ferro-Alloy Resources»-пен келіссөздер аясында Қызылорда облысында орналасқан Бала-Сауысқандық ірі ванадийлі кен орнын игеру жобасы талқыланды.

Сондай-ақ, Британдық «Weir Group» компаниясымен келіссөздер жүргізілді. Екіжақты кездесу аясында индустриялық аймақ аумағында «тау-кен, машина жасау, мұнай-газ және өнеркәсіптің басқа да салаларына арналған жабдықтар өндірісін оқшаулау» инвестициялық жобасы талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы