COVID-19-дан емделгендерде симптомдардың сақталуы алаңдаушылық тудырады – сарапшы

4 Шілде 2020, 18:45
2332
Бөлісу:
COVID-19-дан емделгендерде симптомдардың сақталуы алаңдаушылық тудырады – сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустан емделіп шыққан адамдарда симптомдардың сақталуы алаңдаушылық тудырады. Бұл - "Шарите" университеттік медициналық кешені мен Гарвард университетінің профессоры Тобиас Курттың пікірі. 

COVID-19-бен ауырып, жазылған пациенттердің біраз бөлігінде ауру белгілері науқас жазылып шыққаннан кейін бірнеше ай өткен соң да кетпейді деп атап өтті ол РБК-ға берген сұхбатында. Оның айтуынша, аурудың салдары өтпейтін пациенттердің қатарында бұрын денсаулығында ешбір кінәраты болмаған жастар да бар.

Біз бұл вирусты толығырақ зерттеуіміз керек. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, кейбір пациент аурудан жазылып шыққаннан кейін де олардың ағзасында ауру симптомдары біраз уақытқа дейін сақталады. Біз бұл вирустың бірден бірнеше органның жұмысына әсер ететінін білеміз, бірақ оның салдары созылмалы ауруларға алып келеді немесе уақыт өте келе жоғалады деп нақты айта алмаймыз, - деді маман.

Сарапшы атап өткендей, COVID-19 - бұл "күрделі вирус" және оны қарапайым суық тиюмен салыстыру дұрыс емес. 

Індеттен жазылып шыққаннан кейін бойында ешқандай симптом байқалмайтын науқастар бар, бірақ өкпесінде проблемасы бар пациенттер де жоқ емес. Кейбір жас жазылып шыққанына бірнеше ай болса да, әлсіздік және тыныс алу жүйесі бұзылғандықтан спортпен айналыса алмайды, - деп түсіндірді ол.

Курт мамандар COVID-19 бар пациенттерді, олардың өкпе және басқа да органдарының жағдайын тексеру үшін зерттеу жұмыстарына кірісіп кеткенін айтты.

COVID-19 ағзаға: тек өкпеге ғана емес, басқа органдарға қалай әсер ететінін түсіну керек. Егер коронавирустың соңы созылмалы ауруларға алып келсе, мұндай зерттеулер симптомдардың қаупін төмендететін құралдарды әзірлеуге көмектеседі. Мен адам ағзасынан кетпейтін симптомдардың әсеріне қатты алаңдаулымын және біз бұл мәселені жан-жақты зерделеуіміз керек. Вирус адам ағзасында елеулі созылмалы өзгерістер тудырмайды деп үміттенеміз, - деп түйіндеді эпидемиолог.

Өзгелердің жаңалығы