Бас жаңалықтар
COVID-19: D витаминін қабылдау науқастарда өлім қаупін айтарлықтай төмендетеді
30 Маусым 2020, 18:31 418

COVID-19: D витаминін қабылдау науқастарда өлім қаупін айтарлықтай төмендетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы айларда D витаминін қосымша қабылдау COVID-19 бар науқастарда аурудың ауырлығын және өлім қаупін айтарлықтай төмендету мүмкіндігіне, сондай-ақ осы аурудың алдын алуға ықпал етуіне қатысты бірқатар ғылыми мақала жарияланды.

2020 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия Қазақ тамақтану академиясымен бірлесіп Еуропалық Одақтың (ЕО), 2FAS тамақ өнімдерін байыту жөніндегі консультативтік қызмет және BASF компанияларының қолдауымен "Қазақстанда өсімдік майын А және Д витаминдерімен байыту" тақырыбында халықаралық бейнеконференция өткізді.

Конференцияға ұлттық комиссияның мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының, халықаралық ұйымдардың және май өнеркәсібінің өкілдері қатысты.

Конференция Қазақстанда өсімдік майын А және Д витаминдерімен байыту бағдарламасын алға жылжыту және енгізу жөніндегі бастаманың шеңберіндегі маңызды іс-шара болып табылады.

Бүгінгі күні азық-түлік өнімдерінің көп бөлігі технологиялық өңдеу нәтижесінде пайдалы қасиеттерін жоғалтуда, оларды қалпына келтірудің ең жақсы тәсілі - витаминдермен байыту.

БҰҰ ДДСҰ-ның тамақтану саласындағы ұсынымдарына сәйкес витаминдер тапшылығы қоғамдық денсаулық сақтау проблемасы болып табылады, ол ауру мен өлім-жітім қаупін арттырады, - делінген хабарламада.

Тұз, ұн және өсімдік майы – әрбір қазақстандық отбасы тұтынатын негізгі азық-түлік өнімдерінің бірі.

Осыған байланысты Қазақстанда бірінші кезекте тұзды йодтау және ұнды фортификациялау жөнінде шешімдер қабылданды. Аталған мәселелерді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия бастамашылық етті және биліктің барлық деңгейінде белсенді түрде қаралды.

Келесі қадам - өсімдік майын А және Д витаминдерімен байыту.

Бүгінгі таңда иммунитетті арттыру, аурулардың алдын алу мәселелері анағұрлым өзекті болып табылады. Соңғы айларда D витаминін қосымша қабылдау COVID-19 бар науқастарда аурудың ауырлығын және өлім қаупін айтарлықтай төмендету мүмкіндігіне, сондай-ақ осы аурудың алдын алуға ықпал етуіне қатысты бірқатар ғылыми мақала жарияланды, - делінген таратылған ақпаратта.

Қазақ тағамтану академиясы Қазақстанда өсімдік майын байыту қажеттілігінің ғылыми негіздемесін дайындады. 2020 жылы Еуропалық Одақ Академияға "Қазақстанда азық-түлік майын ерікті байыту" жобасы үшін техникалық көмек көрсетті. Қазақстандағы осы жобаны іске асырудағы серіктестері: Еуроодақ, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Қазақ тағамтану академиясы, 2FAS халықаралық ұйымдары (Landell-Mills және тамақтануды жақсарту жөніндегі жаһандық Альянс кіреді), BASF химиялық концерні, "Қазақстанның майлы одағы қауымдастығы" ЗТБ, "Евразиан Фудс Корпорейшн" холдингі және Қазақстандағы басқа да өсімдік майын өндірушілер.

Алматыда "Евразиан Фудс Корпорэйшн" май өндірушісі күнбағыс майын эксперименталды байыту өндірісінде алғашқылардың бірі болды. Бүгінгі күні Үкіметтің қарауына майды байыту бойынша ұлттық стандарт жобасы әзірленіп еңгізілді.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.


Фото: дереккөз
Загрузка...