COVID-19 бойынша Қазақстан әлемдік рейтингте 110-орында

16 Сәуір 2021, 10:24
1548
Бөлісу:
COVID-19 бойынша Қазақстан әлемдік рейтингте 110-орында

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, Қазақстан COVID-19 оқиғаларының саны бойынша әлемдік рейтингте 110-орында. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлемде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша жағдай шиеленісе түсуде. АҚШ-та тәулігіне 76 мыңнан астам жаңа жағдай тіркеледі, ал Түркияда – 62 мың, Францияда – 43 мың, Германияда – 32 мың, Польшада - 21 мың және т.б. сияқты Еуропаның бірқатар елінде коронавирустық инфекцияның өскені байқалады. Көптеген ел үкіметі шектеу шараларын қатаңдату шараларын қабылдауда.

Түркия Республикасында коронавирустық инфекция індетінің өсуіне байланысты біздің елімізде Түркиямен халықаралық рейстерді қысқарту бөлігінде мемлекеттік шекарада санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді. Бүгінгі таңда www.worldometers мәліметтері бойынша әлемде COVID-19-дың 139 миллионнан астам жағдайы тіркелген, аурудың өсуі - 0,6. 2 984 721 адам қайтыс болды, өлім көрсеткіші – 2,1%.

1 млн адамға қайта есептеу кезінде ең қолайсыз жағдай Чехияда екені байқалған, онда көрсеткіш 148,269, ал АҚШ-та – 96,682, Францияда – 78,759, Түркияда – 47,331, Германияда-36 483-ті құрады.

Пандемия басталы бері Қазақстан Республикасы бұл рейтингте 1 млн тұрғынға шаққанда 14,565 көрсеткішпен 110-орында тұр, COVID-19-дан қайтыс болғандар саны бойынша Қазақстан әлем елдері арасында 107-орында тұр, коронавирустық инфекциядан сауығып кеткендердің үлес салмағы 98,4%-ды құрайды. Халықты КВИ тестілерімен қамту бойынша Қазақстан әлемдік рейтингте 71-орында тұр.

Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін Қазақстан Үкіметі шектеу шараларының кешенін іске асыруда, сондай-ақ халықты COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау шараларын жүргізуде. Бүгінгі таңда 560 мыңнан астам азаматқа екпе салынды, күн сайын вакцинациямен қамту 70 мыңнан астам адамды құрап отыр.

1 ақпаннан бастап өңірлерге «Спутник V» вакцинасының 922 мың дозасы жеткізілді. Өңірлерде вакцинаның 417 мың дозасы бар. Сәуір айында барлығы 2 млн-нан астам адамға вакцина салуға қол жеткізу жоспарланған, яғни, бұл тиісті контингенттің 23,4%-ы. Өндірушілермен жүргізілген келіссөздерді ескере отырып, Қазақстанда бірінші жартыжылдықта 6 млн астам вакцина дозасын қабылдау жоспарланып отыр, бұл тиісті контингенттің 64%-ын қамтуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні республика бойынша КВИ-ға қарсы иммундау науқанына 1281 егу кабинеті тартылған, оның ішінде 230 жылжымалы көшпелі егу пункттері сауда орталықтарында, халық көп жиналатын жерлерде және шалғай аудандарда, ұйымдасқан ұжымдарда вакцинация жүргізу үшін тартылған. Жылжымалы көшпелі егу пункттері арнайы оқытылған медициналық персоналмен және арнайы тоңазытқыш жабдығымен қамтамасыз етілген.

Айта кету керек, жалпы ҚР Үкіметі қабылдаған шаралар кешені коронавирустық инфекция бойынша әлемдік рейтингте жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Өзгелердің жаңалығы