COVID-19: Біртанов індетпен күресіп жатқан дәрігерге пәтер кілтін табыстады

16 Мамыр 2020, 14:06
1838
Бөлісу:
COVID-19: Біртанов індетпен күресіп жатқан дәрігерге пәтер кілтін табыстады

Алматы, BAQ.KZ. Семейде коронавируспен ауыратын науқастарды емдеумен айналысқан дәрігерлерді ҚР Денсаулық сақтау министірі Елжан Біртанов марапаттады. 

Елдегі медицина қызметкерлері коронавирустық инфекциямен күресуді жалғастыруда. Дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында Қазақстан төтенше жағдайдан шықты.

Бүгін әкімдікте коронавируспен ауыратын науқастарды анықтауға және емдеуге белсенді қатысқан қаланың медицина қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен дәрігерлер төсбелгілермен, дипломдармен және алғысхаттармен марапатталды.

Коронавируспен алғашқылардың бірі болып күреске шыққан Ядролық медицина және онкология орталығының анестезиолог-реаниматолог дәрігері Дулат Қарабаев болды. Оған Қарағайлы жаңа ықшам ауданында пәтердің кілті салтанатты түрде табысталды.

Пандемия жағдайында белсенді жұмыс істегендері үшін Семейге жұмыс сапарымен келген Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медицина қызметкерлеріне алғыс айтты.

Сіздерге жұмысыңыз үшін рахмет айтқым келеді. Біздің еліміздің болашағы сіздің қолдарыңызда. Елде осындай күтпеген жағдай болды, бірақ оған қарамастан, дәрігерлер жұмысқа барып, пациенттермен кездесіп, оларға медициналық көмек көрсетті. Пандемия кезінде біз денсаулық сақтау жүйесіндегі кемшіліктерімізді көрдік және қазір денсаулық сақтау жүйесін нығайту бағытында жұмыс істеудеміз. Медицина қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесі мәселелері түбегейлі қайта қаралатын болады. Дәрігерлерге қажетті қолдау көрсетіледі, - деді Елжан Біртанов.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрі бүгінгі таңда біздің аймақта ауруға шалдығу көрсеткіші ең төмен болып саналатының айтты.

Бүгінгі таңда облысымызда ең төмен ауру көрсеткіші. Сонымен қатар, өңірімізде COVID-19 індетін жұқтырғандар саны да аз. Біз инфекциямен күресуді үйрендік деп ойлаймыз, ол енді біз үшін бұрынғыдай қауіпті емес. Сондықтан біз бұдан әрі де осы бағытта жұмыс жасаймыз деп ойлаймын, - деп түйіндеді министр.

Өзгелердің жаңалығы