COVID-19 белгілері бар пневмонияның 46 жағдайы тіркелді

20 Наурыз 2021, 09:17
920
Бөлісу:
COVID-19 белгілері бар пневмонияның 46 жағдайы тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 20 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жариялады.

18 наурызда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 46 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді.

Оған қоса 182 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 50049, 660 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 45985-ке жетті.
Өзгелердің жаңалығы