COVID-19 белгілері бар пневмонияны жұқтырған 408 науқас анықталды

16 Қыркүйек 2020, 09:46
957
Бөлісу:
COVID-19 белгілері бар пневмонияны жұқтырған 408 науқас анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 408 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. 

Оған қоса 71 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 30 074, 332 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 26 406 жетті.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 037 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 37 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 221 науқас жатыр. 1 816 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 125 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 16 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 18 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

a8d5f388-c7ee-4659-852f-21cefb3ba6b6.jpg

Өзгелердің жаңалығы