Бас жаңалықтар
COVID-19. Ауғанстанда 10 мың сотталушы босатылады
27 Наурыз 2020, 22:22 157

COVID-19. Ауғанстанда 10 мың сотталушы босатылады

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Ауғанстан президенті Ашраф Гани 10 мың сотталушыны босату туралы жарлыққа қол қойды. Олар алдағы 10 күн ішінде бостандыққа шығады. 

Бұл пенитенциарлық мекемелерде коронавирус дертінің таралуын болдырмау үшін жасалып отырған әрекет, деп хабарлады TOLOnews.

Бас түрме басқармасының бастығы Ахмад Рашид Тотахил бостандыққа шығатындар "ұсақ қылмыс жасағандар және қоғамға айтарлықтай қауіп төндірмейтінін" айтады. 

Бас прокуратура  ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін деген сотталушылар қамақта қалатынын айтты. 

Халық терроризм, ұлттық және халықаралық қауіпсіздік мәселесіне қарсы қылмысқа қатысы барлар бұл санатқа кірмейтінін түсінуі керек,-деді бас прокурор Мохаммад Фарид Хамиди.

Алдымен, емі жоқ дертпен ауыратын науқастар, 55 жастан асқан сотталушылар, әйелдер мен балалар босатылады.

Бізде ешқандай вакцина немесе вирусты емдеу әдісі жоқ болғандықтан, вирустан қорғанудың жалғыз әдіс — денсаулық сақтау бойынша шаралар қабылдау болып отыр. Шаралар өте қарапайым және миллиондаған адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін, - деді Ауғанстан Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ферозуддин Фероз.

Мекеме Герат және Кандагар елді мекендерінде денсаулық сақтау саласының 6 қызметкері вирус жұқтырғанын мәлімдеді. Ресми деректерге сүйенсек, Ауғанстанда коронавирус жұқтырған 90 адам тіркелген.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...