Бас жаңалықтар
COVID-19. Атырауда инфекциялық стационар жабылды
14 Қыркүйек 2021, 22:37 126

COVID-19. Атырауда инфекциялық стационар жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында коронавирустық инфекциямен аурушаңдық деңгейі азайып келеді. Соның бір дәлеліндей, №1 облыстық аурухана жанындағы 230 орындық инфекциялық стационар жабылды.  

Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, қазірдің өзінде медициналық мекемеден төрт науқас шығарылған, бұған дейін  олар пневмония және  өкпе қабынуының әртүрлі дәрежесімен медициналық мекемеде ем алыпты. Тағы бес науқас аурухананың басқа бөлімшесінде ковидтан кейінгі  оңалтудан өтпек.

Аурухана жанындағы инфекциялық стационар шілде айында ашылды. Сол себепті, науқастарды жоспарлы қабылдауды тоқтатып, алты бөлімшені басқа ауруханаларға ауыстыруға тура келді. Пандемия басталғаннан бері бізде 446 науқас емделді, барлығы өңірдің әртүрлі инфекциялық стационарларынан ауыр халде түскен, бүгінде көпшілігі үйлеріне шығарылды, - дейді №1 облыстық ауруханасының бас дәрігері Ербол Иманғалиев. 

Сондай-ақ, 15 қыркүйек күні Атырау облысында кардиологиялық орталық, теміржол ауруханасы және колледждердің екі жатақханасы жанындағы инфекциялық стационарлар жабылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Үкімет отырысында ДСМ Алексей Цой елімізді бірнеше стационардың жабылғанын айтқан болатын.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...