COVID-19. Атырауды індет жұқтырған соңғы 3 жағдай туралы

7 Сәуір 2020, 10:15
2842
Бөлісу:
COVID-19. Атырауды індет жұқтырған соңғы 3 жағдай туралы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауру жұқтырғандардың 2 жағдайы Атырау қаласынан тіркелді, олардың біреуі вирус жұқтырғандармен тығыз қарым-қатынаста болған, екінші науқас 6 сәуір күні  ауыр сырқатпен жедел жәрдем арқылы ауыр халде ауруханаға жатқызылды. 

Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы мәлімдеді.

Үшінші науқас Алматы қаласынан қызмет бабына байланысты  ұшақпен келген. Ол бірден карантиндік стационарға жатқызылды. Аталған азаматтардың барлығынан зертханалық  сынамалар алынып, диагноз нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда - делінген хабарламада.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

07.04.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 32 адам анықталды.

Өзгелердің жаңалығы