COVID-19: Әскери дәрігерлер арнайы даярлықтан өтуде

7 Сәуір 2021, 09:46
1776
Бөлісу:
COVID-19: Әскери дәрігерлер арнайы даярлықтан өтуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы Қорғаныс министрлігінің әскери клиникалық госпиталінде COVID-19 таралуы жағдайында медицина персоналдарын арнайы тактикалық даярлау сабағы өтті.

Әскери дәрігерлер іс-қимыл тәртібін қарап, қауіпті инфекцияның белгілері немесе диагнозы қойылған кезде қызметкерлерге хабарлау сызбасын пысықтады. 

COVID-19: Әскери дәрігерлер арнайы даярлықтан өтуде

Жаппай келіп түсіп жатқан науқастарды алғашқы бөлу және орналастыру ережелері, тексеру әдістері ерекше назарға алынды. Бұл мәселелер басшылық, дәрігерлер, медицина персоналдарының практикалық сабағының бір бөлігі ретінде жан-жақты талданды. 

COVID-19: Әскери дәрігерлер арнайы даярлықтан өтуде

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сабақ барысында инфекцияның таралу қауіпсіздігінің ережелерін сақтау, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану, жұқтыру аймағында болу және ол жерден шыққандағы мәселелер егжей-тегжейлі пысықталды. 

Оқу-жаттығуға қатысушылар сондай-ақ, шұғыл жағдайда жинақы және жедел жұмыс істеу, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қамтамасыз ету мен науқастарға сапалы медициналық көмек беруге қажетті кәсіптік даярлықтың жоғары деңгейін көрсетті.


Өзгелердің жаңалығы