COVID-19: Алматыдағы эпидахуал қандай?
21 Қазан 2021, 13:34 5213

COVID-19: Алматыдағы эпидахуал қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады. 

Оның айтуынша, жыл басынан бері қалада індет жұқтыру бойынша 156,9 мың жағдай тіркелген.

Оның ішінде 152 637 симптомды және 23 106 - симптомсыз жағдай. Ал соңғы тәулікте 309 адам вирус жұқтырған. Оның 294-інде симптомдық белгілері бар және 15-сі - симптомсыз. Айта кететін жайт, «Дельта» штамы тудырған індеттің төртінші толқынында тәулігіне 1700 жағдайға дейін анықталған болатын, - деді Жандарбек Бекшин.
Сондай-ақ инфекциялық стационарларда 3 179 төсек-орын бар, ол жерде жалпы саны 1 201 адам емделіп жатыр.
Оның ішінде 32-сі – балалар. Барлығы 147 адам емделіп шықты, 99 адам ауруханаға түсті. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 133 адам ем қабылдап жатыр. 28 адам өкпені жасанды желдету аппаратымен тыныстауда, ал 71 адам инвазивті емес ӨЖЖ аппаратының көмегіне жүгінді. High flow-да 22 аппарат жұмыс істейді, - деп атап өтті мегаполистің бас санитар дәрігері.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...