Бас жаңалықтар
COVID-19: Алматыда жүзден астам бала ем алып жатыр
06 Қыркүйек 2021, 11:53 1390

COVID-19: Алматыда жүзден астам бала ем алып жатыр

Алматы, BAQ.KZ. 2021 жылдың 5 қыркүйек күні қалада 1 085 адам коронавирус жұқтырған, оның 1050-інде ауру белгілері бар және 35-і - симптомсыз. 

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен тәулікте 156 адам емделіп шыққан, келіп түскендер саны – 273.

Инфекциялық стационарларда жалпы саны 4 435 науқас ем алып жатыр, оның 122-сі - бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 388 науқас бар. ӨЖЖ – 56, инвазивті емес ӨЖЖ – 150, High flow-да 192 аппарат жұмыс істейді, - делінген хабарламада.

БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 8 640 науқас бар, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде - 8 382, симптомсыз - 258.

Сонымен қатар өткен тәулікте коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-компонентін 2 212 адам, 2-компонетін 2 763 адам салдырған. Жалпы қала бойынша 1-компонентті 887 096 адам, 2-компонентті 761 313 адам алған.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкері жұмылдырылған.


Фото: дереккөз
Загрузка...