COVID-19: Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін «шұғыл желі» іске қосылды

1 Наурыз 2021, 15:20
1937
Бөлісу:
COVID-19: Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін «шұғыл желі» іске қосылды

Алматы, BAQ.KZ. «Аман-саулық» ҚҚ «COVID-19 пандемиясы кезеңінде Алматы қаласы тұрғындары мен медицина қызметкерлерінің өтініштерін қабылдау үшін тәулік бойы жұмыс істейтін «шұғыл желі» телефондарының жұмысын ұйымдастыру» жобасын іске асыруға кірісті.

Жобаның мақсаты - COVID-19 пандемиясы кезеңінде Алматы тұрғындары үшін медициналық көмек алуда туындаған проблемаларды шешу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, коронавирустық инфекция (КВИ) мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету және медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау үшін тәулік бойы жұмыс істейтін «шұғыл желі» телефондарының жұмысын ұйымдастыру.

Жобаның ұзақ мерзімді мақсаты - қоғамдық және бизнес құрылымдардың белсенді ынтымақтастығы арқылы денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз қоғамдық мониторингті дамыту.

Тәулік бойы жұмыс істейтін «шұғыл желі» телефоны: 221 8505.



Өзгелердің жаңалығы