Алматыда індет өршіген шақта тәулігіне 4000 адам жедел жәрдем шақырған

7 Қазан 2021, 14:26
7950
Бөлісу:
Алматыда індет өршіген шақта тәулігіне 4000 адам жедел жәрдем шақырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында қала басшысының орынбасары Ержан Бабақұмаров хабарлады. Оның айтуынша, «дельта» штамы шарықтау шегіне жеткен уақытта жедел жәрдем шақыруларының саны екі еседен асқан.

Атап айтар болсақ, олардың саны 4000-ға дейін өскен. Оның ішінде, 45%-ы – коронавирус инфекциясы мен ковидтік этиологияның пневмониясымен байланысты орын алыпты.

Егер бірінші толқын кезінде ауруханаға жатқызу тәулігіне 250 адамға дейін, екінші және үшінші толқын кезінде – 400-450-ге дейін жеткен. Төртінші толқын кезінде ауруханаға жатқызу деңгейі екі есе жоғары болды және тәулігіне 800 пациентке жетті. Жалпы, денсаулық сақтау жүйесі ауыр жүктемелерге төтеп берді, дәрі-дәрмектер мен ЖҚҚ қоры жеткілікті қамтамасыз етілді, іркілістер болған жоқ, - деп атап өтті Ержан Бабақұмаров.

Еске сала кетейік, бұған дейін қала басшысының орынбасары шілде-тамыз айлары Алматы үшін өте ауыр өткені туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы