COVID-19: Алматы тұрғындарының 15-17%-ы тестілеуден өтті

6 Тамыз 2020, 09:28
1276
Бөлісу:
COVID-19: Алматы тұрғындарының 15-17%-ы тестілеуден өтті

Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы" телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасында айтты.


5 тамыздағы жағдай бойынша Алматыда COVID-19-дің 12641 жағдайы тіркелген. Тәулік ішінде 176 жаңа жағдай анықталды. Барлығы 7590 адам емделіп шықты, бұл науқастардың 60%-ын құрайды. 

Барлық деңгейдегі дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында жүзден астам науқастың жағдайы тұрақталып, олар жансақтау бөлімінен палаталарға ауыстырылды.

Вирусты жедел жұқтырушыларды анықтау үшін Алматы қаласының әкімі бүгінгі күні зерттеу жұмыстарының қарқынды жүргізілгендігін, зертханалардың қуаттылығы 2,5 мыңнан 9,5 мыңға дейін артқанын, зерттеу көлемінің күніне 19,5 мыңға дейін ұлғайғанын атап өтті.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта шамамен 435 мың зерттеу жүргізілген. Яғни, қала тұрғындарының шамамен 15-17%-ы сынақтан өткен. 100 мың тұрғынға шаққанда бұл Еуропа елдерінде өткізілген тестілеу деңгейіне сай.
Біз үшін медицина ұйымдарына түсетін жүктеменің нақтылы көрінісін көру маңызды. Яғни, дәрі-дәрмектердің қажетті қорын құру, дәрігерлерге түсетін жүктемені есептеу және т.б. Бұл көрсеткіштер барынша нақты болса, КВИ-мен күрестің пәрменділігі артады, - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.
Осыған байланысты, 2 көпсалалы ауруханалар біртіндеп қалыпты жұмыс режиміне оралуда, бұлар №4 және №7 қалалық клиникалық ауруханалар.COVID-19: Алматы тұрғындарының 15-17%-ы тестілеуден өтті.



Өзгелердің жаңалығы