Covid-19: Алматы дәрігерлері 80 жастағы қарияны аман алып қалды

26 Маусым 2020, 21:30
1157
Бөлісу:
Covid-19: Алматы дәрігерлері 80 жастағы қарияны аман алып қалды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда шұғыл операция жасалып, дәрігерлер коронавирус жұқтырған 80 жастағы қартты өлімнен аман алып қалды.

Басы айналып, уақытша есінен танған, ауа жетіспей, кеуде тұсында ыңғайсыздықты сезген 80 жастағы қарт ауыр күйде Ардагерлер үйінен Қалалық кардиологиялық орталыққа, реанимация бөліміне түскен.

Электрокардиографияға сәйкес дәрігерлер қалыпты жағдайда минутына 60-80 рет соғуы керек қарттың жүрегі минутына жиілігі 27 рет соққанын және өткізгіштік жүйенің толық блокадасын анықтаған.

Науқас бірнеше жыл бойы жасанды кардиостимулятор, электрокардиостимулятормен өмір сүрген екен.

Уақыт санаулы болғандықтан, оның үстіне бас ми бөлігі зардап шеккендіктен реанимация бөлімінде шұғыл түрде уақытша эндокардиалды стимуляция орнатылған. Содан кейін жүрек соғысының жиілігі қалпына түсіпті. Келесі күні дәрігерлер интервенционды аритмологтар құрылғыны ауыстыру операциясын жасаған.
Егер уақытылы медициналық көмек көрсетілмегенде, науқас қайтыс болатын еді. Қабылданған сәтте науқаста екі жақты пневмония анықталды, жасалған анализ Covid-19-дың бар екенін көрсетті. Бұл диагноз операция барысын қиындатты, бірақ, біздің мамандар жақсы нәтиже көрсетті, – дейді бас дәрігер Алмат Кодасбаев.

Науқастың құрылғысын тексеру кезінде  оның батареясының толық таусылғаны анықталған.

Операциядан кейін жағдайы тұрақты қарт жұқпалы аурулар ауруханасына коронавирус инфекциясын емдеуге жіберілді.
Өзгелердің жаңалығы