COVID-19. Әлемдегі және Қазақстандағы эпидахуал қандай?

23 Шілде 2021, 18:58
3103
Бөлісу:
COVID-19. Әлемдегі және Қазақстандағы эпидахуал қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің Денсаулық Сақтау министрлігі «ҚР ағымдағы эпидемиологиялық жағдай» тақырыбындағы брифингте әлемдік эпидахуал мен еліміздегі соңғы жағдайлар туралы мәлімдеме жасады.

Әлемде өткен аптамен салыстырғанда коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайлардың саны 12 пайызға өсті. Пандемия басталғалы бері КВИ-дің 190 миллионнан астам жағдайы тіркелген. Тәулігіне 500 мыңға жуық жағдай тіркеліп отыр. Дельта штамының кеңінен таралуымен байланысты 4 миллионнан астам адам қайтыс болды. ДДСҰ-ның мәліметі бойынша штамның осы түрі әлемнің 124 елінде таралған.

Сонымен қатар ДДСҰ алғаш рет Перуде 2020 жылғы желтоқсанда анықталған «Лямбда» штамы өршіп тұр. Қазіргі таңда 30 елде, негізінен Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Еуропа елдерінде (Чили, АҚШ, Канада, Мексика, Аргентина, Германия, Испания, Италия, Швейцария, Дания және т.б.) 3000-ға жуық жағдай тіркелгені туралы мәлімдеді.

Қазақстанда 23 шілдедегі жағдай бойынша COVID-19-ға оң нәтижемен 516 117 науқас және КВИ-дің теріс нәтижесімен 59 150 жағдай тіркелген. КВИ-мен ауыратын науқастардың шамамен 87 пайызы, яғни оның ішінде КВИ-дің оң нәтижесімен 441 437 науқас және КВИ-дің теріс нәтижесімен 53 780 науқас сауығып шықты.

Сонымен қатар эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес Қазақстан 26 маусымнан бастап «қызыл аймақта» орналасқан.

«Қызыл аймақта» 15 өңір бар, олар: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл облыстары.

«Сары аймақта» 2 өңір олар: Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.

Өзгелердің жаңалығы