COVID-19: Әлемдегі ахуал қандай?

7 Қыркүйек 2021, 14:05
8588
Бөлісу:
COVID-19: Әлемдегі ахуал қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирус індеті әлемде әрқалай таралып жатыр. Кейбір елде бәсеңдеп жатса, кейбірінде жаңа толқын басталып, ел басшылығы шектеу шараларын енгізуде. Әлем елдерінің бірқатарында індеттің ахуалы қалай болып жатқанын оқи отырыңыз.

Оңтүстік Корея

Кореяда бір аптадағы орташа тәуліктік есеп 1 708 адамды құрады. Жақында болған толқын Сеул метрополитеніндегі кластерлік инфекцияларға байланысты туындады.

Жаңа жағдайлардың 477-сі Сеул тұрғындары арасында тіркелді. Кенгидо провинциясы мен Инчхонның Батыс портында тұратын науқастар саны 474 және 87 адамды құрады.

Вирустың таралуы елордадан тыс жерлерде де өршіп кеткен. Елордалық емес аудандарда жұқтырудың жаңа жағдайларының саны 525 немесе жергілікті деңгейде жұқтырудың 33,6 пайызын құрады.

Шетелден жұқтырып келгендер 34 адамды құрады. Нәтижесінде жалпы көрсеткіш 13 764-ке жетті.

Тағы үш өлім тіркеліп, олардың жалпы саны 2330 адамды құрады. Бұл елдегі жалпы өлім-жітімнің 0,88 пайызды құрап отыр.

Жалпы алғанда тағы 1530 науқас карантиннен шықты, олардың жалпы саны 235 225-ке дейін өсті. Өтеудің жалпы коэффициенті 89,32 пайызды құрайды.

Жаппай вакцинация басталғаннан бері елде COVID-19-ға қарсы вакцинаны 30 747 214 адам немесе жалпы халықтың 59,9 пайызы алды.

Толық вакцинацияланғандардың саны 18 385 936 адамды немесе халықтың 35,8 пайызын құрады.

Аустралия

Аустралияда коронавирустың үшінші толқыны 26 мың жағдаймен тіркелді.

Жаңа Оңтүстік Уэльсте инфекция өсіп жатыр. Денсаулық сақтау органдары келесі аптада тағы күнделікті жағдайлар саны көбейетінін болжап отыр.

Мельбурн індетпен күресіп жатыр. Виктория күнделікті көрсеткіштің 246-ға артуына қатысты рекордтық деңгейге жетті.Федералды денсаулық сақтау департаментінің бағалауы бойынша қазіргі уақытта аурудың белсенді жағдайларының саны 26000-нан асты, Delta штамы шектеулерге қарамастан өршіп жатыр.

Квинслендтің оңтүстік-шығысы жабылауы мүмкін деген үрей Брисбенде жергілікті халық арасында індеттің таралуы азайғандықтан жойылған.

Тағы 11 науқас тіркелген Канберра вакцинация бойынша көш бастап келеді. Осы аптада екі компонентпен халықтың 50 пайызы қамтылады. 16 жастан асқан халықтың шамамен 36,43 пайызы толық екпе алған, ал 63,16 пайызы бір реттік вакцинациядан өтті.

Вакцинаны енгізу жөніндегі үйлестіруші Джон Фрюен бағдарламаны көздеген жеткізілім мәселелері Ұлыбританиядағы алмасу мәмілесі бойынша Pfizer дозаларының алғашқы партиясы келгеннен кейін шешілгенін айтады.

Бізде қорлар бар. Қазір бізде сауда желілері де бар. Аустралияда 9400-ге жуық вакцинация орындары бар және алдағы апталарда олардың саны 10 000-нан асады деп үміттенеміз. Шын мәнінде, қазір бәрі адамдардың келуіне байланысты, - деді Фрюен.

АҚШ

30 тамыздан 5 қыркүйекке дейін АҚШ-та бір апта ішінде миллионнан астам коронавирус індетін жұқтырған науқас анықталды. Бұл туралы медициналық статистика жинаумен айналысатын Джонс Хопкинс Университетінің мәліметтерінде айтылған.

Пандемия кезінде АҚШ-та 40 миллион адам індет жұқтырған. Оның ішінде 648,9 мың адам қайтыс болды.

Ресми түсініктемелерден аурудың өсуі ең алдымен SARS-CoV-2 «дельта» нұсқасының реттеуіне бағынбайтынына байланысты болып отыр. АҚШ-тың бас жұқпалы аурулар жөніндегі маманы Энтони Фауки америкалықтар көп ұзамай «ауруханаларда төсек-орындарды бөлу кезінде қиындық тудыруы мүмкін» екенін ескертті.

Болгария

Болгарияда COVID-19 ауруының өсуіне байланысты бірқатар жаңа шектеулер 7 қыркүйектен бастап күшіне енді. Уақытша шектеу шаралары елде 31 қазанға дейін жалғасады.

Шектеулер коронавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты елдің техникалық үкіметінің денсаулық сақтау министрі Стойчо Кацаровтың бұйрығымен енгізілді.

Елімізде кез келген бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады, ойын-сауық орталықтары мен клубтардың жұмысы уақытша тоқтатылды, ал үй-жайлардағы спорт іс-шаралары көрермендерсіз өтеді, - деді ол.

Мейрамханалар мен кафелер түнгі сағат 23:00-ден 07:00-ге дейін жұмыс істемейді. Түнгі клубтар мен дискотекалар 31 қазанға дейін жұмысын тоқтатты. Кинотеатрларда, театрларда және концерт залдарында отыруға көрерменнің 50%-ына ғана рұқсат етіледі. Жұмыс берушілерге қызметкерлердің 50% - ын қашықтан жұмыс режиміне көшіру ұсынылды.

Айта кету керек, бірқатар азамат жаңа карантин шараларының енгізілуін теріс қабылдады, елде денсаулық сақтау министрлігінің коронавируспен күрестегі саясатына наразылық артып келеді. Мейрамханалардың, кафелердің, түнгі клубтардың және дискотекалардың иелері мен қызметкерлері шектеу шараларына қарсы жаппай наразылық білдіріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы