Бас жаңалықтар
COVID-19. Әлемде 231,5 млн адам індет жұқтырған
28 Қыркүйек 2021, 22:10 4352

COVID-19. Әлемде 231,5 млн адам індет жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясының соңғы статистикасын жариялады. Әлемде инфекцияның жалпы саны 231 551 680-ге жетті. 

Бір тәулік ішінде жұқтырғандар саны - 286 483. Коронавирус ауруынан құрбан болғандар саны 4 743 708 адамға дейін өсті. Джонс Хопкинс американдық университетінің мәліметтері бойынша, сырқаттанушылық фактілері бойынша АҚШ алдыңғы орында - 43 942 335 адам індет жұқтырған. екінші орында Үндістан - 33 693 148 адам. Бразилия үшінші орында, мұнда 21 366 395 жағдай тіркелген.

COVID-19 вакцинациясының толық курсынан өткен шетелдіктер Жапонияға жеңілдетілген тәртіппен кіре алады.  Шектеу шаралары 1 қазаннан бастап жеңілдейді, - деді министрлер кабинетінің Бас хатшысы Кацунобу Като. Вакцинацияланған туристер арнайы мекемеде үш күндік карантиннен босатылып, тұрғылықты жерінде оқшаулана алады. Сонымен қатар Като Жапония көрші елдерге COVID-29 вакцинасының 1,3 миллион дозасын жіберетінін айтты. Көмек Тайвань, Вьетнам, Таиланд және Брунейге жөнелтіледі.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...