АҚШ-тағы эпиджағдай 1918 жылғы испан тұмауымен салыстырғанда әлдеқайда күрделі

21 Қыркүйек 2021, 15:29
10742
Бөлісу:
АҚШ-тағы эпиджағдай 1918 жылғы испан тұмауымен салыстырғанда әлдеқайда күрделі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны 1918 жылғы испан тұмауынан зардап шеккендер санынан асып түсті. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.

Қазіргі медицинадағы жетістіктерге қарамастан, көптеген адамдар қайтыс болып жатыр. Бұл жағдай алаңдатып отыр, -дейді Скриппс атындағы аударма зерттеулер институтының жетекшісі, кардиолог Эрик Топол.

Оның айтуынша, 1918 жылғы испан тұмауы кезінде ешқандай вакцина болмаған. Тіпті өкпеге жасанды тыныс беретін аппарат түрі ойлап табылмаған еді. Қазіргі уақытта АҚШ-тың жұқтыру деректері бақыланып отыр. Салыстырмалы түрде жағдай нашар.

Айта кетейік, соңғы аптада АҚШ -та күніне орта есеппен 1900 адам коронавирустан қайтыс болды. Бұл наурыз айының басынан бергі ең жоғары өлім көрсеткіші. Жалпы, әлем бойынша 4,6 миллионнан астам адам COVID-19 індетінен қаза болған.

Өзгелердің жаңалығы