COVID-19-ға қарсы күрес мәселелері талқыланды

7 Шілде 2020, 21:16
1370
Бөлісу:
COVID-19-ға қарсы күрес мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой РФ Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олег Гридневпен Covid-19 коронавирус инфекциясымен күрес бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсету мәселелері туралы кездесу өткізді.

COVID-19 салдарынан қалыптасқан жағдай инфекциямен күресте халықаралық ынтымақтастықтың, өзара іс-қимыл мен қолдаудың маңызды екенін көрсетті, - деді кездесуде Алексей Цой.

Тараптар клиникалық хаттама, ғылыми зерттеулер әзірлеу, вакцина мен оның клиникалық сынақтарын қарастыру, гуманитарлық көмек және дәрі-дәрмек бойынша бірлескен әзірлемелерді жеткізу бойынша өзара ынтымақтастықты талқылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы уағдаластыққа сәйкес РФ Денсаулық сақтау министрлігіне гуманитарлық көмек ретінде олардың қажеттілігіне қарай дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі ресми түрде жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Ресей басшылығы арасында келісімдерді жүзеге асыру аясында 6 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласына арнайы рейспен Мәскеу қаласынан жаңа инфекциямен күрес жұмыстарына тартылған 32 жетекші маман келген болатын.

Делегация құрамындағы инфекционист, реаниматолог, анестезиолог-реаниматолог, эпидемиолог, пульмонолог бар, мамандар Нұр-Сұлтандағы медициналық ұйымдарға және еліміздегі аса мұқтаж аймақтарға консультациялық-практикалық көмек көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы