COVID-19: 54 науқастың жағдайы өте ауыр

11 Қаңтар 2021, 09:03
967
Бөлісу:
COVID-19: 54 науқастың жағдайы өте ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК 2021 жылдың 11 қаңтарындағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат жарияланды.

11 қаңтардағы мәлімет бойынша,  23 498 адам короновирус инфекциясынан (11 577 КВИ+ және 11 921 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 608 пациент стационарда, 17 890 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында:

• 272 адамның жағдайы ауыр;

• 54 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 45 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сонымен қатар, COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар мәліметі бойынша 27 жағдай тіркеліп, 1 жағдай өліммен аяқталған.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

Науқастар саны – 46 350, өлім жағдайлары - 525, барлығы 33 904 адам сауығып шықты.


Өзгелердің жаңалығы