Бас жаңалықтар
COVID-19. 10 айда Қазақстан аумағына өткен 884 728 адам тексерілген
30 Қараша 2020, 14:23 173

COVID-19. 10 айда Қазақстан аумағына өткен 884 728 адам тексерілген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Болат Қалмағанбетов «ANTIKOR ORTALYǴY» алаңында өткен онлайн брифинг кезінде айтты.

Біздің департамент қызметкерлерінің негізгі функциясы – мемлекеттік шекарадағы санитарлық күзет, бақылау нысандарындағы санитарлық режим. Яғни, транспорттың барлық түрі (әуе, теміржол, судағы транспорт) және оларға қызмет көрсететін мекемелер (әуежайлар, вокзалдар, су жолдары). 24 санитарлық пункт жұмыс істейді, оның 16-ы барлық халықаралық әуежайда орналасқан, тағы 5-еуі теміржол вокзалында, 2-еуі теңіз портында, 1-еуі «Қорғас» халықаралық шекара маңы сауда орталығында. Санитарлық пункттер тәулік бойы жұмыс істейді, - деді ол.

Болат Қалмағанбетовтің айтуынша, 3 854 нысан бақылауда. Оның 871-і аса жіті бақылауға алынса, 2983-де бақылау орта деңгейде.

Бүгінге дейін 35 миллион 980 870 теңгеге көлемінде айыппұл санкциялары негізінде 58 іс әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Біздің нысандарда да мониторингтік топтар құрылып (39 топ), осы уақытқа дейін 1543 нысан қамтылды. Нәтижесінде заң бұзушылықтар анықталып, жалпы сомасы 25 миллион 279 890 теңгеге 166 хаттама толтырылды. 10 айдың қорытындысы бойынша санитарлық-карантиндік бақылау қызметі Қазақстан Республикасы аумағына өткен 884 728 адамды қамтыды. Оның 660 412-сі әуе транспортымен қатынаған, 190 660-ы теміржол арқылы,  тағы 29 356 адам су жолдары қатынасы арқылы өткен. Байланыссыз термометрия арқылы жоғары температурасы бар 90 адам анықталған. Оның 66-ы емханаға жатқызылып, қалғандары үйлеріне жіберілді, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...