COVID-19: 1 маусымнан бастап науқастардың саны 17 есе өсті

9 Шілде 2020, 23:36
1265
Бөлісу:
COVID-19: 1 маусымнан бастап науқастардың саны 17 есе өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да 1 маусымнан бастап коронавирус жұқтырғандар қатары 135-тен 2313 адамға дейін немесе 17 есеге өсті, деп хабарлайды Altaynews.

Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді.

Науқастар санының күрт артуына байланысты "Д" жоспарына сәйкес 1770 инфекциялық, 1896 провизорлық және 2590 карантиндік төсек орын ашылды. 227 жансақтау орны жабдықталды. Зерттеу мен диагностиканың бірыңғай алгоритмі жасалды.

Қолда бар 196 ӨЖЖ, 57 мобильді рентген-аппараттарға қосымша 50 ӨЖЖ, 10 рентген сатып алдық. Осылайша, 1 қыркүйекке қарай біздің облыстағы өкпені жасанды желдету құрал саны 246 жетеді, - дейді облыс әкімі.


Өзгелердің жаңалығы