Cолтүстікте бұрқасын  мен тұман болады
13 Қаңтар, 08:00 280

Cолтүстікте бұрқасын мен тұман болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аймақтарында 2022 жылғы 13-ші қаңтарда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды.

Антициклон ҚР солтүстік және солтүстік-батыс өңірлеріне әсер етіп, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің қалған аумағында оңтүстік циклондар мен фронтальды бөліктердің әсерінен қар, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, оңтүстік-батыста жауын - шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, орталықта, солтүстікте бұрқасын күтіледі

 Ақмола облысының оңтүстік жартысында жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Алматы облысының оңтүстігінде, солтүстігінде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-25 м/с күшейеді. 

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы, тау бөктерінде тұман, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында көктайғақ, оңтүстік-батысында, таулы аудандарда жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерінде тұман түседі, таулы аудандарда – көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді.  

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады, түнде облыстың шығысында тұман түседі. Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ, солтүстігінде тұман күтіледі. 

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Маңғыстау облысының батысында, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі.

 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...